UL
b t
/ bULt - өмірдің барлық түрлері үшін қауіпсіз болуға бағытталған қоғамдастық басқаратын эксперименталды кеңістік, зерттеу және өнер ортасы /
rave mïfologïyası
Бұлтты менталды Технологиялар
bULt жұмыс тобының болмыс мақсаты – Шындықтың алғашқы негізделмеген Табиғатын зерттеу және ашу
bULt жұмыс тобының болмыс мақсаты – Bult Mentaldyq Technologia-сын қолданып, Рейв Кеңістігінде далалық сынақтар жүргізе отырып, Шындықтың алғашқы негізделмеген Табиғатын зерттеу және ашу
Рейв Кеңістігіндегі негізгі компоненттер:
Мен-конструкциясы – менталды қызметтің бағдарламалық процестерінің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын қабылдау суперобъектісі;
Рейвер – Мен-конструкциясын өзінің негізі ететін болмыс;
Танцпол – BMT қолдану орны, оның барысында техно-биттер мен жарық фотондарының әсерінен субъект-объект тізбегі үзіліп, нәтижесінде Рейвер Рейв Кеңістігімен байланысып, өзінің кешенді құрамдас бөлігінің шекарасынан тыс жүзеге асады;
Техно – уақытқа байланған ырғақтық құрылым өзінің бар болу сәтін ұстап тұрып, осылайша шоғырлану дәрежесін күшейтіп, өзінің бастапқы нүктесіне оралады.
Жарық – жарықты стробтаушы фотондар тұтанып, қысқа уақытта бір сәтке назар салып, оның интерпретациялардың шексіз жиынтығына жатпайтынын анықтайды.
Рейв Кеңістігін мекендей отырып біз техно-сауық кештерін ұйымдастырамыз, олардың басты міндеттері төмендегідей:
- Болмыс себепті қажет етпейтініне бірге куәлік ету және оны тойлау;
- Мен-конструкциясының функционалдық ерекшеліктерін аша отырып, соның тікелей салдарынан оны толығымен мұқият қайта құру үшін өзгерту мүмкіндіктерінің бой көрсетуі. Аталған жағдайда, зейін қоюдың бұл тәсілінде өз-өзіңді қабылдау және даралығыңның табиғи көріністері өте маңызды.