

«Тазқара» — қазақ халқының көне тарихы мен дәстүрлерін, өткені мен болашағын, ата-баба рухының жаңа ұрпақпен байланысын зерттеуге арналған арнайы қоғамдық бағдарлама.
Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда жол тарттық? Отарланған, тарихын толық білмеген, өткенін жоғалтқан халықтың еркіндікке үміті, өзін-өзі тануға ұмтылысы, сан тараулы сұрағы мен сан тараулы болжамы, қорқынышы мен қайсарлығы бізді бүгінгі күнге жеткізді. Біз тәуелсізбіз, бірақ отарсыздану ісін әлі аяқтамадық, білгенімізден білмегеніміз көп. Сұрақтарымызға жауап алу үшін ата-баба рухына жүгініп, өткенімізбен өз тілімізбен, өз тәжірибемізбен сөйлескіміз келеді.
Тазқара – ата-бабаларымыз ежелден кие тұтқан қасиетті құс. Алып денесі қара түсті, басы ақшыл келгендіктен оны алыстан-ақ бірден байқауға болады. Тазқара аталуы да содан. Жыртқыш, еш бөгетті елемейтін, асқазаны тіпті ішке түскен темірді қорытып жіберетін ғажап тіршілік иесінің қауырсындарынан қазақ халқы бұрынғы заманнан бері жебе жасаған, «киесі ұрады» деп түрлі қиянаттардан қорғаған. Тазқара бейнесі – қазақтың бостандыққа сүйіспеншілігі, азат жанының көрінісі.
Қазақтың бүгіні, өткені мен болашағын зерттеуге арналған ұжымдық мәдени алаң, кез-келген түрдегі пост/деколониалды рефлексия, ашық кеңістік. Әркімнің өз ата-бабаларына, шежіресіне деген құрметі мен махаббатына, өткеннің тәжірибелеріне рефлексия немесе болашаққа жақындататын бағдарламалаудың технологиялық тәжірибелеріне жүгінуге мүмкіндігі болады.
Тазқара өлексемен қоректенеді. Біз де осы құс секілді тарихымыз бен мәдениетіміздің қалғанын жинауға тырысудамыз. Бірақ, қорек – ағзаның әрі қарай өмір сүруінің кепілі, негізгі көзі. Қазіргі заман кеңістігінің ата-бабаларға табыну рәсімдерімен үйлесетін зерттеу өрісімізге шақырамыз. Бұл көрме сұрақтарды тұжырымдап, оларға жауап табуға ұжымдық әрекет жасау үшін қауіпсіз, бейиерархиялық кеңістік болып табылады.
Өнершілер:
Аида Исаханқызы
Аружан Жұмабек
Айсана Нұрқадыр
damirvtow
Еламан Мұқтархан
Муратбек Қаиржанұлы
Kokonja
Сәуле Сүлейменова
Шекер Шәкір
Suinbike
көрменің кураторы/медиаторы: Медина Базарғали
бағдарламаны ұйымдастырушылар: Айсана Нұрқадыр х Медина Базарғали
-
-
Дәрісшілер/ақындар/қатысушылар:
Саида Елеманова
Зарина Мұқанова
edostan
Ақжан Аманжол
Бауыржан Майтай
Әсел Кәрібай
Айсана Нұрқадыр
Роза Аспанқызы
Тілек Ырысбек
Әнуар Дүйсенбинов
Әлия Болатқан
Эльмира Какабаева
Айдана Сұлтан
Аида Қалиева
Наталья Папаева (Бурятия)
Жанар Секербаева
-