Жаңа Шекара
кинофестивалі
24 - 28.10.22
«ЖАҢА ШЕКАРА» кинофестивалі (24 - 28.10) қазақстандық және халықаралық режиссерлер түсірген фильмдерді көрсетуге арналған. Режиссерлер өз шығармаларында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр ауданында тұратын ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. этникалық мұсылман азшылықтармен байланысымыз және ортақ сәйкестігіміз туралы мәселелерді көтереді.
Фестивальдің ЖАҢА ШЕКАРА атауын ұйымдастырушылар кездейсоқ таңдаған жоқ. ЖАҢА ШЕКАРА – қытайдың «Шыңжаң» атауынан тікелей аудармасы. Аймақ тұрғындары өз жерін Шығыс Түркістан деп атайды, өйткені «Шыңжаң» атауы да оның мағынасы да - отар саясаттың өнімі. Ұсынылып отырған фильмдер біркелкі емес, жанрлары да, поэзиясы да әр түрлі. Олар қарапайым адамдарды, олардың өмірін, туыстарымен үзілген қатынастары, трагедия туралы баяндайды.
Цифрлық революция мен ақпараттың жылдам таралуының арқасында біз дамып келе жатқан гуманитарлық апаттың куәсі болып отырмыз. Көрсетілімдер бағдарламамыздың мақсаты – осы туралы ақпараттандыру, қазіргі ұйғыр және қазақ киногерлерінің деректі-бейнелік зерттеулерін көрсету және шолу.
Фестиваль бағдарламасының ашылуында Қытай мен Қазақстанда шекараның қарама-қарсы жағында тұратын түркі халықтарының ортақ болмысы мен тарихы тақырыбында шағын баяндама оқылады.
Программа / Бағдарлама (24 - 28.10)
24/10 17:00
-
Social anthropologist Zarina Mukanova's report "Why is it important know wbout Eastern Turkestan"
-
Имам және гәнмәнпи (2021)
author: Tilek Yrysbek
-
Жұмагүлдің әлемі. Малшы өмірі (2021)
author: Tilek Yrysbek
-
Discussion (discussion with the author and audience)
25/10 17:00
-
Moustache dispute (2021)
author: Jack Wolf
-
Dina (2021)
author: Yadykar Ibraimov
-
A Song Of Resistance (2022)
author: Bazla Samin
-
Discussion (discussion with the author and audience)
26/10 19:30
-
Letter Home (2021)
author: Yadykar Ibraimov
-
Stories from inside the Xinjiang camps (2022)
авторлар: Зарина Муканова, Руне Стеенберг
-
Discussion (discussion with the author and audience)
27/10 19:30
-
East Turkistan: The right to freedom (2022)
author: Kanat Beisekeyeev
-
Discussion (discussion with the author and audience)
28/10 19:30
-
Video Recordings of Tilek Yrysbek
-
Red Hill Playback: Part 1 - Path
author: Tangbosh
-
Discussion (discussion with the author and audience)
-
Имам және гәнмәнпи
2021
Тілек Ырысбек
15:20
Имам Тұрсын Егімбайұлы Шыңжаңда дүниеге келген. Бүгінде Алматы облысы Шелек ауылының тұрғыны. Деректі фильмде Тұрсын Егімбайұлының бір күндік өмірі мен Шыңжаң тағамдарын дайындайтын шағын асханасы туралы көрсетіледі.
-
Жұмагүлдің әлемі. Малшы өмірі
2021
Тілек Ырысбек
18:19
Жұмагүл Қантайқызы мен Қасен Өмірбекұлы Шыңжаңнан 2012 жылы көшіп келген. Ұзақ жылдар бойы отбасындағы екі адам азаматтық ала алмаған. Тапқан табыстарын құжаттарын жасатуға шығындаған. Бүгінде жалданып мал бағып өмір сүреді. Жақсылықтан үміттерін үзген емес.
-
Moustache dispute
2021
Jack Wolf
23:06
«Мұрт дауы» – ұйғыр жазушысы Мемтимин Хошурдың осы аттас әңгімесінен үзінді бейнеленген қысқаметражды фильм. Пойыз терезесінен түсірілген 20 минуттық түсірілімде Шыңжаңның таңнан күндізге, содан соң түнге ауысқанын көрсетеді, ал Акяр сол аймақта өткен Хошур оқиғасының үзіндісін оқиды.
-
Dina
2021
Ядыкар Ибраимов
Дина - Дина Нұрдыбайдың сұхбатынан үзінді, ол концлагерьдің бұрынғы тұтқыны.
-
A Song Of Resistance
2022
Bazla Samin
“Қарсылық әні” қытайлық «қайта тәрбиелеу» орталығының құрбаны болған қазақ Ербақыт Отарбайдың өмірін баяндайды. Анимациялық сериялар арқылы біз оның «қайта тәрбиелеу» орталығында мәжбүрлі түрде ұсталғаны туралы травматикалық естеліктерімен танысамыз. Фильмде оның отбасынан айырылған кездегі эмоционалды күйзеліспен күрескенінің куәсі болады.
-
Письмо домой
2021
Ядыкар Ибраимов
«Үйге хат» – 2021 жылы түсірілген қысқаметражды фильм. Бір топ суретші Қазақстан мен Қытай шекарасына символикалық хабар жіберу үшін барды. Дауыс зорайтқыш арқылы олар жалғасып жатқан геноцид салдарынан жақындарымен байланысын үзген адамдардың дауыстық хабарламаларын жазып алады.
-
Stories from inside the Xinjiang camps (2022)
Зарина Муканова, Руне Стеенберг
Бұл фильм Шыңжаңдағы қайта тәрбиелеу лагерлерінен аман қалғандардың сұхбатына негізделген. Бұл фильмді әлеуметтік антропологтар Руне Стинберг пен Зарина Мұқанова 2022 жылы Алматыда түсірген. Лагерьден аман қалғандар мен олардың туыстары 2017 жылдан бастап Шыңжаңдағы жаппай қамаудағы оқиғаларын айтып береді. Әрқайсысының өз тарихы бар, бірақ ең бастысы, бұл да ұжымдық оқиға. . Әрбір индивидке жүйе әсер етті және бұл процесті әрқайсысы өзінше басынан өткерді, бірақ мемлекеттік зорлық-зомбылық тәжірибесі және одан туындаған жарақат жалпы және ұжымдық тәжірибеге жатады. Бұл фильм жеке және тұлғааралық тұрғыдан құжаттауға тырысатын тәжірибе, оқиға. Емдеу де, одан алатын сабақтар да ұжымдық болуы керек – тек оларды ғана емес, бәрімізді де қамтуы керек.
-
East Turkistan: the right to freedom
2022
Қанат Бейсекеев
Салих жас кезінде отбасымен АҚШ-қа қашуға мәжбүр болған Шығыс Түркістаннан шыққан этникалық ұйғыр. Қайта тәрбиелеу лагерьлері туралы Қытай билігі атағандай айтады. Оның тарихы бізге онда не болып жатқанын айтады. Бұл оқиға тек ұйғырларға ғана емес, Шығыс Түркістанда ғасырлар бойы өмір сүріп жатқан барлық этностарға қатысты болуы керек. Бұл бір белсендінің әңгімесі. Шығыс Түркістан – Орталық Азияның қосалқы аймағы және Тянь-Шань тау жотасынан Моңғол Алтай тауларына дейінгі аумақты қамтиды. Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасының құрамына кіреді және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАР) деп аталады. ШҰАР Қытайдың ауданы бойынша ең үлкен аймағығ және ішінде 26 миллиондай халық бар. ШҰАР халқының 60%-ға жуығы (шамамен 16 млн. адам) түркі және моңғол текті халықтар – ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар, өзбектер және моңғолдар.
-
Тілектің жазбалары
Тілек Ырысбектің бейне жазбаларында автордың Шыңжаңдағы Қазақстанға көшу сәтіндегі туыстармен қоштасу бейнелері таспаланған. Ата-анасы мен Тілектің өзі балалық шағында ауыл өмірін, тыныс-тіршілігін түсірген. Оның туған жері, Шығыс Түркістандағы қазақ ауылының отбасылық жиындары мен тойға жиналған қауымның дәстүрлі күнделікті өмірін таныстырады.
-
Red Hill Playback: Part 1 - Path
Tangbosh
Red Hill Playback – режиссердің балалық шағындағы естелік кадрлары мен фильмде көрсетілген уақытқа негізделген оның идеяларын білдіретін клиптерді біріктіретін қысқаметражды фильм. Фильм Таңбоштың Қазақстанға келгенге дейінгі және одан кейінгі кезеңдерін белгілі бір клиптер арқылы оның сол кездегі мен қазіргі ақыл-ойын салыстырадыі.